27 қазан күні FlyArystan әуе компаниясы Ақтау – Орал бағытында рейс ашты. Енді жолаушылар аптасына 3 рет Оралға бара алады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бір сағаттық сапардың құны 6 999 теңгеден басталады. Заманауи Airbus A320 ұшақтары Оралға сейсенбі, бейсенбі мен сенбі күндері ұшады.
Қазіргі таңда бюджетті әуетасымалдаушы флотында Airbus маркалы 7 ұшақ бар. Жоғары сапалы борттар эконом-классты 180 орындықпен жабдықталған.
Еске сала кетейік, бұған дейін FlyArystan әуе компаниясы Атырау, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент пен Ақтөбе қалаларына рейс ашқан болатын.
«Әуекомпания барша жолаушыларға саяхатты алдын ала жоспарлап, билеттерді 2021 жылдың 27 наурызына дейінгі сапарларға flyarystan.com сайты немесе мобильді қосымшада алуға кеңес береді. Билетке ұшу мен 5 кг қолжүгі ғана кіретінін ескертеді. Ал салмағы 60 кг-ға дейін жететін жолжүкті билетті сатып алғанда/сатып алғаннан кейін, бірақ ұшуға кем дегенде 2 сағат қалғанда алуға болатынын еске саламыз. Бюджетті әуетасымалдаушы ереже-шарттарымен әуекомпания сайтында, мобильді қосымшада немесе компанияның әлеуметтік желідегі парақшаларында таныс болыңыздар», - дейді FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметі.