Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен "Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы" КЕАҚ операторының көмегімен қоғамда волонтерлік институтын дамыту мақсатында жеті Жалпыұлттық әлеуметтік жоба іске асырылуда.
"KAZBRANDS" қоғамдық қоры Президенттің үндеуін және волонтерлікті дамыту идеясын қолдай отырып, "Birgemiz:Sabaqtastyq" жалпыұлттық жобасының ұйымдастырушысы болды.
Бүгін еріктілердің қоғамдағы рөлі артты. Ерікті болу – жастардың өз белсенділігін көрсетіп қана қоймай, адамдарға көмек беру арқылы тәжірибе жинауға, өмірлік маңызды дағдыларды дамытып, әлемді жаңа қырынан тануға мүмкіндік береді. Дәл осындай волонтерлер еліміздің барлық өңірлерінде бар және жүзеге асырылып жатқан жалпыұлттық жобаның негізгі қозғаушы күші.
Жоба басталғаннан бері еріктілердің үлкен командасын жинаған, Батыс аймақтың үйлестірушілері Айжан Ертаева мен Айгерім Сапарова. Бүгін біз даңқты Ақтау қаласы мен осы қаланың ізгі жүректері туралы айтқымыз келеді. Мамыр айынан бастап "Kazbrands" ҚҚ еріктілерді оқыта бастады, балалармен жұмыс кезінде еріктілердің "ерекше" балаларға деген көзқарасы болуы үшін жоғары білікті, кәсіби психологтар мен жаттықтырушыларды тартты. Оқыту бүгінгі күнге дейін жалғасуда, Атырау қаласында орналасқан Батыс өңір волонтерлерін қолдау орталығында консультациялар жүргізілуде.
Консультациялар мен психологиялық көмек тек еріктілер мен балаларға ғана емес, кейде қиын жағдайға тап болған ата-аналарға да беріледі.
2020 жылдың сәуір айынан бастап, бірлескен күш-жігердің арқасында қор командасы мен еріктілер облыс және ҚР барлық өңірлері үшін маңызды "Birgemiz:Sabaqtastyq" жобасын іске асырылуын бастап, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізді. Ақтау қаласында команда "Күн-Нұр-Ай" қоғамдық қорымен, КБО, балалар үйімен және қиын өмірлік жағдайда қалған отбасылармен қарым-қатынас құрып жұмыс жүргізіп жатыр. Жоба еріктілерімен жұмыс істейтін балалар санаты әртүрлі: шуақты балалар (Даун синдромы), аутизм спектрінің бұзылуы бар балалар, церебральды сал ауруы, сөйлеуді кешіктірудің түрлері (ZRR), психомоторлық дамудың кідірісі (ZPMR), сондай-ақ ақыл-ойы бар, бірақ қиын өмірлік жағдайдағы балалар.
Ақтау қаласында әр апта сайын "ерекше" балалармен жұмыс жасауға бағытталған үштен астам іс-шаралар өткізіледі. Мысалы, қазан айында 20-дан астам іс-шара өткізілді, оның ішінде: түрлі тағамдарды дайындау бойынша мастер-кластар, ермексаз жапсыру бойынша мастер-кластар, қыш ісі, сурет салу және басқа да көптеген іс-шаралар. Бұл мастер - класстар жай ғана іс-шаралар емес, бұл ұсақ моториканың дамуына оң әсер ететін, балалардың ой-өрісін кеңейтетін, оларға қарым-қатынас пен оң көзқарас сыйлайтын сабақтар.
Ақтау еріктілері өз қалаларының балаларымен жұмыс істеп қана қоймай, бірнеше рет барған Жаңаөзен мен Форт-Шевченко сияқты жақын маңдағы қалаларға барып жүр.
Біз балалармен және олардың ата-аналарымен танысқан сәттен, олармен жұмысымыздың басталуымен, іс-шараларымызды өткізгеннен бастап, балалардың өмірге деген оң көзқарасы ұлғайып келе жатыр. Ата-аналар жоба туралы тамаша сөздер айтады және әр жолы жаңа іс-шаралар мен еріктілермен кездесулерді күтеді. Бұл балалардың өздері үшін, ата-аналар мен тәрбиешілер үшін айтарлықтай прогресс. Ал біз үшін бұл біздің жұмысымыздың көрсеткіші, осының бәрін бекер жасамағанымыздың, өз мақсаттарымызға қол жеткізгеніміздің және әрқайсымыз қоғам мен елге пайдалы әрі қажетті бола алатынымыздың көрсеткіші.
"Birgemiz:SabaqtastyqАqtau" жобасының командасы Ақтау қаласының әкімдігіне, барлық кәсіпкерлерге, ЖРО-ға және балалармен түрлі іс-шараларды ұйымдастыруға көмектесетін жүрегі ашық адамдарға алғыс білдіреді. Әрине, жоба еріктілеріне ерекше алғыс білдіреміз! Жоба аяқталса да, біздің еріктілер өз жұмысын тоқтатпайды және біз күн сайын күшейіп жатырмыз! Жасалып жатқан жұмыс бойынша толық ақпаратты әлеуметтік желіден көруге болады.
Instagram: https://instagram.com/birgemiz_sabaqtastyq_aqtau, https://www.instagram.com/kazbrands/
Facebook: https://www.facebook.com/kazbrands01