Ақтаулық альбинос қыз Әсел Қалағанова шашқа арналған америкалық өнімнің жарнамалық ролигіне түсті, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Бір минуттық бейнекроликте Ақтаудан бөлек, елдің басқа да көрікті жерлері түсірілген. Операторы – кино индустриясындағы танымал клипмейкер Азамат Дулатов. Видео әлеуметтік желі қолданушыларының оң бағасын алды.
Айта кетейік, Ақтаудағы Қалағановтар отбасында ерекше екі қыз дүниеге келген. Әсел мен Камиланың арасы 13 жас. Жеткіншектердің ақшыл түсті қас-кірпігі мен шашы сырт көзге бірден байқалады. Қазіргі таңда жаратылысы бөлек қыздар көптің назарында. Тіпті Әсел Қалағанова 10 жасынан модельдік мектепте оқып, бірнеше рет жарнамаға түскен.