Әлеуметтік желілерде немесе басқа да БАҚ беттерінде жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлер сатылымға шыққаны жөнінде жариялануда.
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңына сәйкес, үлескерлердің қаражаты есебінен тұрғын үй құрылысын жүзеге асыруға ниет білдіруші тұлғалар (жеке немесе заңды) жергілікті атқарушы орган тарапынан берілетін рұқсат құжаттарын рәсімдеуі қажет. Алайда, бүгінгі күні Ақтау қаласы аумағында, тұрғын үй құрылысын жүргізіп жатқан тұлғалар (жеке немесе заңды), үлескерлер қаражатын тартуға рұқсат сұрап жүгінген емес, яғни бірде-бір тұлғада, аталған рұқсат жоқ екендігін хабарлаймыз. Сондай-ақ, қала аумағында жүргізіліп жатырған тұрғын үйлерге қатысты қандайда бір ақпарат қажет еткен жағдайда, «Ақтау қалалық сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ, 218 бөлмесіне келіп, хабарлассаңыз болады. Байланыс нөмірі: +7 (7292) 50-47-09, 50-44-47, делінген Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.