Бұл туралы Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Дастан Мұраталиев мәлім етті.
«Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкер Жамилахан Жалғасова Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылынан 2019 жылы 12 желтоқсан күні «Тұзбен емдеу орталығын» ашқан болатын. Жобаның мақсаты - балалар мен ересектерді қант диабеті, бронхит, аллергиялық және тері аурулардан табиғи, дәрі-дәрмексіз емдеуге арналған тұз үңгірін ашу. Тұзды үңгір - бұл жан-жағы тұзбен қапталған ғимарат. Мұнда пайдалы микроэлементтермен демала отырып, ем алады.
«Мемлекеттік грант қаражатына (3 млн теңге) тұз және тұзбен емдеу құрал-жабдықтарын, сонымен қатар, «Мұнайлы несие» несиелік серіктестігі арқылы 6%-бен 6 млн теңгеге орталыққа қажетті жеңіл жүк автокөлігін сатып алдым. Бүгінде орталыққа басқа аудандардан да келушілер көп. 6 адам жұмыспен қамтылған. Ем алу бағасы ересектер үшін 1 500 теңге, зейнеткерлер үшін 1 000 теңге, балалар үшін 600 теңге, мүгедектер мен 5 жасқа дейінгі балаларға тегін. Емделушілерге жасайтын түрлі жеңілдіктер мен акцияларды да ұмытқан жоқпыз», - дейді орталық басшысы Жамилахан Джалғасова.
Тұз үңгірінің пайдасы - орнатылған ионизатордың ауа-райының арқасында, пайдалы бөлшектер мұнда табиғи жағдайларға қарағанда әлдеқайда тез бөлінеді және тиісінше дененің үлкен мөлшеріне түседі. Процедуралардың әсері теңіз жағасында болумен бірдей.