Маңғыстау облысы әкімдігі тарапынан құрылған мониторингтік топ Ақтаудағы бірқатар нысандарға рейд жүргізді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Мамандар эпидемиологиялық ахуалға байланысты қаулыны негізге алып қаладағы ірі супермаркеттер мен кафелерді аралады.
Рейд барысында кәсіпкерлік нысандардағы жеңілдетілген карантин талаптарының сақталуын, санитарлық тазалықты қадағалауын тексерді. Сондай-ақ кей кафелердің әкімшілеріне қайта түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА