Маңғыстау облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мен «Ақтау-Агро», «Жамалбек» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу бойынша келісімге қол қойды. Келісім «Бизнес пен инвестицияларды қорғау» жобасы аясында жасалды.
Аталған инвесторлар өңірде құс фабрикасы мен жем-шөп зауытының құрылысымен айналысатын болады.
Келісімнің негізгі мақсаты – инвестор жобасын сыбайлас жемқорлық қарсы сүйемелдеу, жемқорлық тәуекелдерін жою, кәсіпкерлікке қолайлы жағдай жасау.
Қазіргі кезде облыс бойынша инвесторлармен 1 трлн. теңгеден асатын 21 жобаға қол қойылған.