Маңғыстау облысы кәсіпкерлер палатасының директоры болып Рашит Мұстапаев тағайындалды.
Рашит Тұранұлы Мұстапаев 1964 жылы туған. Жоғары білімді. Губкин атындағы Мәскеу мұнай және газ институтын тәмәмдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты.
Еңбек жолын 1982 жылы қарапайым жұмысшыдан бастаған. «Маңғыстаумұнайгаз» ААҚ бөлім басшысы, «Қазақстан Халық банкі» МОФ директорының орынбасары, Маңғыстау облысы әкімдігінде аппарат басшысы қызметтерін атқарды.
2004-2006 ж.ж. Ақтау қаласының әкімі болды. 2006-2007 ж.ж. ҚР Президент Әкімшілігінің бас сарапшысы, «Каспий» ӘӘҚ АҚ ҰК Басқарма төрағасының орынбасары лауазымдарын атқарған. Қазіргі уақытқа дейін Батыс Қазақстан бойынша «EcoJer» экологиялық бастамалар қауымдастығының директоры қызметін атқарды.