Пандемия кезінде қала көлемінде ұйымдастырылған түрлі шараларға атсалысып, белсенділік танытқан азаматтар марапатталды. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақтау қаласының әкімі Н.Қилыбай пандемия кезінде бетперде тігу, оттегі баллондарын тасу,медициналық нысандарды кезекшілік өткізу,дәрігерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету бағытында игі іске көмектескен, жанашыр азаматтарға алғыс айтты.
«Қиын кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, өз азаматтық ұстанымдарын көрсете білген баршаңызға алғысым шексіз.Қашан да бірлігіміз арта берсін. Еліміз аман болсын»,- деді қала әкімі.