Облыста тұтынушылардың құқығын қорғау департаментіне жыл басынан бері 232 арыз-шағым түскен.
Оның ішінде 40 арыз қанағаттандырылып, 163 шағым қайта бағытталды, 28 арыз бойынша түсініктемелер берілді. Бұл туралы Маңғыстау облысы тұтынушылардың құқықтарын корғау департаментінің басшысы Мұрат Әділов аппараттық жиында баяндады.
Мәселен, Көлік қызметтеріне 165 арыз-шағым келіп түскен (негізінен пайдаланбаған билет құнын қайтару туралы), оның ішінде 67 пайызы «Bek air» әуекомпаниясының пайдаланбаған билет құнын қайтару туралы арыздар. Ол арыздар Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетіне жолданған. Комитет әуе компанияны сотқа беріп, соттың шешімімен, тұтынушылардың қаражаттарын толығымен қайтарылуы міндеттелді. Сонымен бірге «Air Astana», «Flyarystan» және «Scat» аукомпаниялар төтенше жағдай және карантин кезінде тұтынушылардың пайдаланбаған билет құнын толығымен қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Сауда қызметтеріне 22 арыз-шағым (бөлшек сауда саласындағы шағымдар), тұрғын үй коммуналды қызметтеріне 12 арыз-шағым келген (жалпы үй қажеттіліктері үшін сомаларды есептеу бойынша шағымдар). Департамент тарапынан аталған мәселелер бойынша жұмыстар қолға алынды.