«Қаранжанбасмұнай» АҚ Директорлар кеңесінің шешімімен Қуанышбай Нұрғалиев ҚБМ бірінші вице-президенті – Басқарма мүшесі болып тағайындалды.
Осыған дейін ол «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясында мұнай және газ өндіру департаментінің директоры қызметін атқарған.
Қуанышбай Нұрғалиев – 1976 жылы туған. Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық университетін «Тау-кен инженері-мұнайшы» мамандығы бойынша және Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Тау-кен инженері-геофизик» мамандығы бойынша тәмамдады. «МИРБИС» институтында «Мұнай-газ бизнесін басқару» мамандығы бойынша оқып, іскерлік әкімшілеу магистрі дәрежесін иеленді. Еңбек жолын «Өзенмұнайгаз» АҚ мұнай және газ өндіру операторы ретінде бастап, департамент директоры лауазымына дейін көтерілді (2000-2009 жж.). Әр жылдары «Орал Ойл энд Газ» ЖШС бас директорының өндіріс жөніндегі орынбасары, «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ кен орындарын игеру департаментінің директоры, өндіріс жөніндегі басқарушы директоры, өндіріс және кен орындарын игеру жөніндегі басқарушы директоры – Басқарма мүшесі, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасының кеңесшісі, мұнай және газ өндіру жөніндегі басқарушы директоры (техникалық директор) лауазымдарында қызмет атқарды, делінген компанияның ресми сайтында.
Айта кетейік, осыған дейін ҚБМ бірінші вице-президенті – Басқарма мүшесі болған Сүйіндік Алдашев Маңғыстау облысынан Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты болып сайланған болатын.