Бүгін Форт-Шевченко қаласында шамадан тыс жауын жауған соң қала орталығындағы каналдардың су деңгейі көтеріліп, бірнеше көшені су басты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Түпқараған ауданы әкімдігі баспасөз қызметінің айтуынша, қазіргі таңда барлық күш құрылымдар мен аудан мекемелері жұмылдырылды. Арнайы техникалар шығарылып, мотопомпалар қойылды. Жедел шаралар қолға алынды.