«ҚазМұнайГаз» Маңғыстау облысына 1,8 млрд теңгеге демеушілік қолдау көрсетті. Бұл туралы ҚМГ баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Маңғыстау облысы бойынша көрсетілген демеушілік көмек туралы
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ компьютерлік томография аппаратын сатып алу үшін 475 млн теңге бөлді. Бұл жабдық жақын арада Маңғыстау облыстық ауруханасына жеткізілетін болады. Жергілікті медицина ұйымдарына 817 млн теңгеден астам сомаға 20 өкпені жасанды желдету аппараты және үш реанимобиль сатып алынды.
«Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының мұнайшылары өз еріктерімен жергілікті ауруханаларға оттегі баллондарын жинақтау, толтыру және жеткізу жұмыстарын ұйымдастырды. Компанияның демеушілік қолдауымен Ақтау қаласына Ресей Федерациясынан 9 адамнан тұратын бір топ жоғары білікті медицина қызметкерлері келді. Олар: инфекционист, пульмонолог, терапевт, реаниматологтар.
«Өзенмұнайгаз» АҚ Жаңаөзен қаласының ауруханасына жалпы сомасына 40 млн теңгеге 2 жаңа мамандандырылған реанимобиль алды. Компания карантин кезінде 6 инфрақызыл тепловизор және қалада дезинфекциялық жұмыстарды жүргізуге бірнеше арнайы техника бөлді. «Өзенмұнайгаз» қызметкерлерінің жергілікті кәсіподағы» бірлестігі қалалық ауруханының қажеттіліктері үшін 5 млн теңгеге 10 оттегі концентраторын, 6,9 млн теңгеге 4 науқастарға арналған мониторды, 723 мың теңгеге 100 оттегі редукторы мен 150 метр оттегі шлангысын сатып алды.
«Қаражанбасмұнай» АҚ Маңғыстау облысының әкімдігіне өңірдің жұқпалы аурулар және провизорлық мекемелері үшін оттегі концентраторларын алуға жалпы сомасы 20 млн теңгеге демеушілік көмек көрсетті. Түпқараған ауданының әкімдігіне провизорлық орталыққа тапсыру үшін оттегі концентраторларын, медициналық құралжабдықты және жеке қорғаныс құралдарын алуға 7,4 млн теңге бөлінді. Жақын арада компания Ресей Федерациясынан келген медицина мамандарының шығындарын өтеуге және қажетті дәрі-дәрмек алуға тағы да 43,5 млн теңге бөлуді жоспарлап отыр.
«Қазақтеңізкөлікфлоты» ҰТКҚК» ЖШС осы айдың соңына дейін Маңғыстау облысының әкімдігіне 20 өкпені жасанды желдету аппаратын және жеке қорғаныс құралдарын беруді жоспарлап отыр. Әкімдік оларды медициналық мекемелерге үлестіріп береді. Демеушілік көмектің жалпы сомасы 320 млн теңгеден асады.
«CASPI BITUM» БК» ЖШС Ресей Федерациясынан келген тоғыз дәрігердің қонақ үйде бір ай тұруын төлеп берді.
«ҚазГӨЗ» ЖШС Жаңаөзен қаласының көпбейінді ауруханасына 100 дана қорғаныс киімін сатып алды.