«Түпқараған ауданында аумағы 5,1 га жерді қамтитын жылыжай жұмыс істейді. Жыл соңына дейін аумағы 1 га болатын жаңа жылыжай Ақшұқыр ауылында іске қосылады деп жоспарланған. Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба құны 480 млн тг., қуаттылығы 20-25 кг/кв.м.», деді Түпқараған аудандық ауыл шаруашылық және ветеринария бөлімінің басшысы Дәулет Өтебалиев қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте.
Ауданда ауыл шаруашылығымен айналысaтын 317 шаруашылық және 3 ЖШС тіркелген. Оның 286-сы мал шаруашылығымен және 31-і егін шаруашылығымен айналысады.
«Жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында Түпқараған ауданына шағын несие алып, кәсіптерін ашу және одан әрі дамыту үшін 110 млн тг бөлінген. 6 айдың қорытындысы бойынша 9 кәсіпкер 40 млн тг қаражат алды. Тағы 7 жоба комиссия қарауына ұсынылды. Шағын несиелер жұмыссыз азаматтарға кәсібін ашуға, сондай-ақ орта және шағын кәсіпкерліктерін одан әрі дамыту үшін берілетіндіктен, алдағы уақытта да тұрғындарға өз кәсіптерін ашуға және дамытуға септігін тигізбек», деді ол.