«Халыққа көмек» қоғамдық штабы өлкедегі жағдайды анализ жасау барысында пневмония немесе ковидпен ауырғандардан тыс, бұрыннан немесе тұрақты ем-домын алып жүрген жандар үшін де медициналық стационардың қажет екендігін анықтады.
Медицина саласының мамандары мен жергілікті кәсіпкерлердің жұмылған еңбектерінің арқасында тез арада Ақтау қаласындағы «Archimed» медициналық орталығының жанынан күндізгі стационарды іске қосу қолға алынды. Стационар 15 шілдеден бастап жұмысын бастады. Бұл жерде бір уақытта 15 адамның ем-дом алуына мүмкіндік бар, күніне 45 науқасқа көмек көрсете алады, делінген хабарламада.
Күндізгі стационар 26 шағын ауданда орналасқан. Жұмыс уақыты: 09:00 – 17:00 аралығы.