Маңғыстау ауданы, Шетпе кентінде салынған ауылішілік жолдарға сараптамалық бақылау жасау үшін жұмыс тобы барды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Жұмыс тобының құрамында Департамент жанынан құрылған арнайы мониторингтік тобының өкілдері С.Мұңалбаев, М.Закарин, «Маңғыстау- адалдық алаңы» ЖК Маңғыстау аудандық бөлімшесінің және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК Маңғыстау облысы бойынша филиалының өкілдері, Маңғыстау аудандық автомобиль жолдары бөлімінің мамандары болды.
Ауылішілік жүргізілген жолдардан алынған сараптамалық сынамалар Ақтау қаласында орналасқан зертханаға жеткізілді. «Сараптама нәтижесі шыққаннан кейін, қорытындысы қосымша хабарланатын болады» дейді орталық мамандары.
Айта кететін жайт, Республика көлемінде 2019 жылдан бастап «Сапалы жол – Адалдық алаңы» жобасы іске асырылуда. Аталған жоба аясында азаматтар өз шағымдары мен өтініштерін Адалдық алаңының әр өңір бойынша орналасқан жобалық кеңселеріне жолдай алады.
Азаматтардың өтініші негізінде, «Маңғыстау – адалдық алаңы» ЖК және Облыстық мониторингтік тобынының өкілдері өңірдегі салынып жатырған, қолданысқа берілген жолдарды құзырлы орган өкілдерімен бірге мониторинг жүргізіп, бақылауда ұстайды.
Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының көлеміндегі жолдар Департамент мамандарымен жіті қадағалауда.
Атап айтар болсақ, Мұнайлы ауданының Батыр, Баянды ауылдарындағы, Маңғыстау ауданындағы Шерқала–Шайыр-Жыңғылды, Тұщықұдық-Шебір, Шетпе кентіндегі және Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылындағы ауылішілік жолдар бар.