Коронавирусқа қарсы күрес кезінде отандық дәрігерлерді қолдау аясында Маңғыстау облыстық филиалының «Jas Otan» жастар қанаты Ақтау қаласында «Алғыс пакеттерін» тарату акциясын ұйымдастырды. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Әрбір осы пакетте дәрігерлерге арналған жеміс-жидектер, тәттілер мен сүт өнімдері салынған. Заттар дәрігерлердің ұсынысы бойынша салынғанын атап өту керек.
Волонтердің айтуынша, бұл акция еліміздің барлық өңірлерінде жалғасын табуда.
«Бүгінде Ақтау қаласында короновирус инфекциясына қарсы дәрігерлер күн мен түн демей дамылсыз еңбек етіп жатыр. Осы дәрігерлер, мейірбекелер Ақтау қаласы бойынша 6 қонақ үйге орналастырылған. Осында орналасқан дәрігерлерге күнбе-күн облыстық мәслихат депуттатары, кәсіпкерлер, «Jas Otan» ЖҚ белсенділері мен волонтерлер жеміс-жидектер, сүт өнімдері, түрлі тәттілерді әкеліп, үлестіріп жүрміз. Басты мақсатымыз – дәрігерлерге алғыс айтып, осы бір қиын уақытта қолдау білдіру. Біз бұл ауруды бірлесіп жеңеміз деп сенемін», деді Наурызбек Мағдатов.