Бүгін маңғыстаулық кәсіпкер облыстық ауруханаға 7 ЭКГ аппаратын сыйға тартты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Медициналық құрылғы жүрек-қан ауруларын анықтауға мүмкіндік береді. Маңғыстау облыстық ауруханасы директорының орынбасары Үміт Ілиясованың айтуынша, қазіргі таңда өңірдегі ауруханаларда ЭКГ аппараты жетіспейді. Бұл құрылғы ауыр халде жатқан науқастар үшін қажет. Себебі вирустық пневмония қанды қоюлатады.
«Облыстық мәслихат депутаты Аббат Урисбаевқа хабарласып, облыстық ауруханаға ЭКГ құрылғысының қажет екендігін білдік. Уақыт оздырмай қажетті 7 медициналық аппаратты сатып алдық», - дейді Мұнайсервистік компанияның өкілі Үзім Ілиясова.
Айта кетейік, бұған дейін дейін де жергілікті кәсіпкерлер ауруханаға қажетті медициналық құрылғыларды сыйға тартып, ақ халаттыларға қолдау көрсетіп жүр.
Жұлдыз ҚАЛИЕВА