© көрнекі сурет
17-18 шілде күндері Ішкі істер министрі Е.Тұрғымбаевтың нұсқауына сәйкес Маңғыстау облысы аумағында "Жолда қабылдау" республикалық акциясы өтеді. Бұл туралы Маңғыстау облысы Полиция Департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Акцияның өтетін орны: Ақтау қаласы, 12 шағын аудан, Маңғыстау облысы Полиция департаменті ғимараты, фронт-кеңсе.
Уақыты: сағат 09:00 -ден 19:00 -ге дейін.
Шара мақсаты - азаматтарға түсіндірме жұмыстарын жүргізу, ішкі істер органдарына халық сенімін арттыру. Сонымен қатар, акция барысы онлайн тәртіпте Полиция департаментінің Instagram және Facebook ресми әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы тікелей эфирде өткізіледі.