Батыр ауылдық округі бойынша бөлек жиындардың шешімдерімен сайланған жергілікті қоғамдастық мүшелерінің қатысуымен жиын өтті. Жиында Батыр ауылдық округінің шағын аудандарына атау беру мәселесі қаралды.
Жиынға Батыр ауылдық округі жергілікті қоғамдастық төрағасы О. Дүйсенов төрағалық етті.
Отырыста сөз алған Батыр ауылдық округі әкімінің у.м.а. Р.Ершаев, Батыр ауылдық округінің құрамдас бөліктеріне атау беру мәселесі бойынша заңдастыру жұмыстары жүргізіліп жатқандығын атап өтті. Осыған байланысты, Батыр ауылдық округі бойынша бөлек жиындардың шешімдерімен сайланған жергілікті қоғамдастық мүшелерінің қатысуымен Батыр ауылы халқының пікірін ескере отырып, ашық дауыс беру арқылы шағын аудандарға (құрамдас бөліктеріне) атау беру мәселесі қаралды.
Ашық дауыс беру арқылы жергілікті қоғамдастықтың жиыны төмендегідей шешім шығарды:
1. Батыр ауылдық округі округінің шағын аудандарына атау беру:
- «Ақтау – Жаңаөзен» республикалық маңыздағы автомобиль жолының бойында орналасқан шағын аудандарды – «Емір шағын ауданы», «Шерқала шағын ауданы», «Самал шағын ауданы», «Тамшалы шағын ауданы»;
- Қызылтөбе-2 тұрғын үй массиві - карьер тас жолы бойындағы шағын аудандарға – «Хазар шағын ауданы», «Астана шағын ауданы», «Алматы шағын ауданы», «Болашақ шағын ауданы» атаулары берілсін.