Бұл туралы облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақтау қаласының жастары мен еріктілері провизорлық орталықтарға 95 оттегі баллондарын жеткізу жұмыстарын жүргізді. Белсенді жастар бірлескен күш-жігермен індетті жоюға, қол-көмек көрсетуге шақырды.
Жанашырлық танытып, қолдау білдірген волонтер жастардың жұмысы ертең де жалғасады. Елдің амандығы үшін дәрігерлерге жәрдем көрсетемін дейтін жандар болса +7 702 444 4775 нөміріне байланысуға болады, делінген хабарламада.