Карантин ережесін бүзғандарға қатысты сенім телефоны іске қосылды. Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Тұрғындар қандай да бір тойханада мерекелік не той, садақаның өтетінінен не өткенінен хабардар болса, комьпютерлік клубтар тағы басқа тыйым салынған жерлерде қандай да бір іс-шара өткізілейін деп жатса сенім телефонына хабарласуға болады. Дәл қазіргі уақытта сақтық шараларын ұстау сіздің және сіздің жақындарыңыздың денсаулығын сақтау үшін маңызды, делінген хабарламада.