МО ҚКО Ақтаудағы провизорлық орталықта түсірілген видео туралы түсініктеме берді. Видеода ауруханадағы науқастардың көптігінен олардың көбі жерде жатқан көрініс бейнеленген.
Аймақтағы провизорлық орталықтарға түсіп жатқан науқастар саны күн санап артуда. Мына видео кеше түнде Ақтаудағы провизорлық орталықта науқастарды қабылдау барысында түсірілген. Бүгінде жағдай қалыпты, барлығы тиісті орындарға орналастырылуда, деп хабарлады қоғамдық коммуникация орталығы.
"Бір күннің ішінде дәрігерлер күтпеген көп адам түсті. Бейнежазбадан көріп тұрғандарыңыздай, қабылдау бөлімінде науқастарға орын жетпей жатыр. Дәрігерлер қабылданған науқастарды жаңадан жасақталған провизорлық орталыққа жатқызылуда. Мұнда ИВЛ аппараттары, науқастарға қажетті барлық медициналық құралдар бар. Жаңа жансақтау бөлімін екінші бейнежазбадан көрулеріңізге болады. Денсаулық сақтау басқармасы мен дәрігерлер барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр", делінген ақпаратта.
ҚКО бұл видеоны қорқыту үшін емес, сақтандыру үшін салып отырмыз дейді. "Қазір санитарлық талаптарды қатаң сақтау аса маңызды болып тұр. Оқшауланыңыздар, мүмкіндік болса үйден шықпаңыздар, той, садақаға бармаңыздар. Маска мен антисептик әрдайым жаныңызда жүрсін. Ауырмаңыздар, аман болыңыздар!", делінген ақпаратта.