Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов коронавирус жұқтырды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«Құрметті қазақстандықтар! Менің де оқшаулануыма тура келді. Инфекциядан қанша сақтанғаныммен болмады. Менен ауру белгісі жоқ коронавирус инфекциясы анықталды. Тезірек айығу үшін дәрігерлердің айтқанын істеп, жұмысқа ораламын. Азаматтардан сақтық шарасын - маска тағып, антисептик қолданып, қолды жиі жуып, гигиенаны сақтауды өтініп сұраймын. Аман-сау болыңыздар!» - деді ол Facebook парақшасында.