Жақында Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция Комитетінің Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясының ұйымдастыруымен «Жасырын сатып алушы» шарасын өткізді.
Шара қоғамдық ұйымдар, журналистермен және басқа да мемлекеттік органның мамандарымен бірлесе отырып, мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру және ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.
Шара аясында тұтынушылар мен тұрғындармен, кәсіпкерлермен жұмыс жасау үрдісі жан жақты түсіндірілді. Сонымен қатар Мұнайлы ауданындағы аумақтық инспекциясына да барып, қызмет көрсету процесімен де кеңінен таныстырылды.
Айта кетейік, өсімдік карантині, мемлекет аумағын немесе оның жеке бір бөлігін карантинді аурулар мен зиянкестер және арамшөптердің таралуынан сақтау үшін ұйымдастырылады. Мемлекеттік қызметтің екі түрі көрсетіледі. Шетелдерге фитосанитариялык сертификаттар, облыстар арасында карантиндік сертификаттар беріледі. Қызмет ақысыз көрсетіледі.