Бұл туралы mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облысының прокуратурасына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
Түпқараған ауданының прокуратурасы мемлекеттік сатып алу саласында талдау жүргізу барысында заңсыз келісім шарт жасау фактісін анықтады.
Атап айтқанда, мектеп-интернат конкурс өткізу тәртібін бұза отырып, 6 млн теңгеге заңсыз мемлекеттік сатып алу туралы келісім шарт жасақтаған.
Ішкі мемлекеттік аудит департаментіне енгізілген прокурорлық қадағалау актісі негізінде мектеп-интернат директоры әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Сонымен қатар, Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың 2020 жылғы 13 мамырдағы шешімімен келісім шарт жарамсыз танылды.