Маңғыстау облысында Covid-19 вирусынан тағы 1 адам қайтыс болды. Ол 1966 жылы туған ер адам Ақтау қаласының тұрғыны.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының хабарлауынша, 29 мамыр күні оның дене қызуы 38 градусқа дейін көтеріліп, жөтел басталған. 30 мамыр күні дәрігерге қаралып, бірден Ақтаудағы көпбейінді провизорлық стационарға жатқызылған. Короновирусты анықтайтын сынама тапсырған. Талдау қорытындысы оң нәтиже берген. Стационарға түскен сәттен бастап, ол жасанды тыныс алу аппаратына қосылған еді. Дәрігерлер барлық амалды жасады. Бірақ, өкінішке қарай ауруханаға түскеннен кейін он күннен соң, 9 маусым күні науқас қайтыс болды. Жалпы марқұмда пневмонияның ауыр түрі, 2 типтегі қант диабеті диагноздары болған.
Айта кетейік, бұл осымен Маңғыстау облысындағы Covid-19 вирусынан қайтыс болған екінші адам.