Бұл туралы «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Маңғыстау облыстық филиалының директоры Елтай Таялиев айтты, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бақылау нәтижесінде «Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі-Түркіменстан Республикасы шекарасы» бағытындағы көлік жолына төселген материалдардан 269 сынама алынып, олардың құрамы зертханалық жағдайда тексерілген. Нәтижесінде, 10 сынама қорытындысы талапқа сай еместігі белгілі болды. Жол құрылысы жұмыстарының сапасын бақылау мақсатында өңірлік жол сапа орталығының қызметкерлері ол жерге 67 рет барған.
Айта кетейік, «Жетібай-Жаңаөзен-Кендірлі-Түркіменстан Республикасы шекарасы» бағытындағы көлік жолының 0-35 бөлігін жөндеу-күтіміне ,«Ақ жол құрылыс» серіктестігі жауапты.
«Бейнеу-Ақжігіт-Өзбекстан шекарасы», «Ақтау-Құрық», «Жетібай - Жаңаөзен - Кендірлі - Түркіменстан Республикасы шекарасы» бағытындағы трассалардан сынамалар алынып, көп кемшілік анықталды. Оларды түзету үшін жол салушы мердігер мекеме мен тапсырыс берген мемлекеттік мекемелерге қызметтік хат жіберілген.