Бұл туралы mangystaumedia.kz Назарбаев Зияткерлік мектебінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
Коронавирусты инфекцияның алдын алу бойынша санитарлық және эпидемияға қарсы шаралардың күшейтілуіне байланысты конкурстық іріктеуден өту кезінде келесі ережелерді сақтауды сұраймыз.
Мектеп аумағына тек қана маска киген үміткерлер жіберіледі! (өзімен бірге ауыстыру үшін қосымша маска болу керек).
Дене қызуы жоғары екендігі (38 және одан жоғары) анықталған үміткерлер термометрия нәтижелері бойынша тестілеу үшін мектеп ғимаратына жіберілмейді.
Үміткер мектеп аумағында және ғимаратында жүргенде, сондай-ақ тестілеуге тіркелу кезінде:
1. басқа үміткерлермен 1 метрден кем емес қашықтықты сақтау және едендік белгілер бойынша қозғалу керек;
2. мектеп ғимаратына кіре берісте аяқ киімнің табанын дезинфекциялау кілемшесінде дезинфекциялау құралымен зарарсыздандыру керек;
3. қолды антисептикпен өңдеу керек;
4. байланыссыз термометриядан өту керек;
5. тұлғаны сәйкестендіру рәсімі үшін масканы шешу (бір рет пайдаланылған маскалар кәдеге жаратуға жатпайды), үміткердің тұлғасы сәйкестендірілгеннен кейін жаңа маска киіп, қолды антисептикпен қайта өңдеу керек;
6. бір рет пайдаланылған медициналық маскаларды қақпақтары жабық жәшіктерге лақтыру керек.
Өзімен бірге келесі заттар болуы керек:
1. медициналық маска;
2. рұқсат қағазы;
3. қара сиясы бар шарикті қалам (гельді емес);
4.заттаңбасы жоқ бөтелкеде су алуға болады.
Тестілеу кезінде келесі заттардың болуына жол берілмейді:
1.ұялы телефон
2.фото/бейнеқұрылғылар
3. қарындаштар мен өшіргіштер
4. маркерлер
5. калькуляторлар (смарт-сағат)
6. құлаққаптар
7. кітаптар
8. сөздіктер
9. сызғыштар
10. сөмке
11. блокноттар
12. сызбалар
13. циркуль
14. тамақ және сусындар (судан басқа)
15. жазу құрылғылары
16. басқа электрондық құрылғылар
Тыйым салынған заттардың бар-жоғын алдын ала тексеріп, оларды үйде қалдыруыңызды сұраймыз!
Үміткерде тестілеу кезінде тыйым салынған заттар табылған жағдайда үміткер аудиториядан шығарылады және оның тестілеу нәтижелері жойылады.
Тестілеуді өткізу күні мен уақыты (Ақтау қ. уақыты бойынша).
20 маусым
I КЕЗЕҢ (ТАҢЕРТЕҢ)
(қазақ тілінде оқитын үміткерлер)
- тіркеу: 07.00-08.30
- нұсқаулық: 08.40-09.00
- тестілеудің басталуы: 09.00
- тестілеудің аяқталуы: 10.30
II КЕЗЕҢ (ТҮСТЕН КЕЙІН)
(орыс тілінде оқитын үміткерлер)
- тіркеу: 12.00 – 13.30
- нұсқаулық: 13.40 – 14.00
- тестілеудің басталуы: 14.00
- тестілеудің аяқталуы: 15.30
21 маусым
I КЕЗЕҢ (ТАҢЕРТЕҢ)
(қазақ тілінде оқитын үміткерлер)
- тіркеу: 07.00-08.30
- нұсқаулық: 08.40-09.00
- тестілеудің басталуы: 09.00
- тестілеудің аяқталуы: 11.00
II КЕЗЕҢ (ТҮСТЕН КЕЙІН)
(орыс тілінде оқитын үміткерлер)
- тіркеу: 12.00 – 13.30
- нұсқаулық: 13.40 – 14.00
- тестілеудің басталуы: 14.00
- тестілеудің аяқталуы: 16.00
Тіркеуге кешіккен үміткер тестілеуге қатысуға жіберілмейді!
Барлық мектептер үшін тіркеу Ақтау қаласының уақыты бойынша сағат 08:31 және 13:31-де жабылады, үміткерлерді аталған уақыттан кейін кіргізуге рұқсат берілмейді.
Құрметті ата-аналар!
Үміткерде COVID-19 симптомдары болған жағдайда (құрғақ жөтел, жоғары дене қызуы, тыныс алу қиындығы, ентігу және т. б.), конкурстық іріктеуге қатыспауыңызды, 103 телефон нөмірі арқылы «жедел жәрдем» шақырып, денсаулық сақтау ұйымдарымен хабарласып, өз-өзіңізді оқшаулауды сұраймыз.
Басқа үміткерлер үшін қауіп төндірмеулеріңізді сұраймыз!