Науқас - 1999 жылы туған қыз бала, Ақтау қаласының тұрғыны, Астрахан қаласынан келгендердің бірі. Ол бірден обсервациялық стационарға жатқызылып, одан сынама алынды. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды, делінген МО ҚКО таратқан ақпаратта.
Қазіргі таңда науқас Ақтау қаласындағы облыстық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде жатыр. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.
Науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошағында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.
Бүгінгі жағдай бойынша өңірде барлығы 162 адамнан COVID-19 вирусы анықталды:
Ақтауда – 34;
Жаңаөзенде – 23;
Маңғыстау ауданында – 7;
Мұнайлы ауданында – 4;
Қарақия ауданы – 30;
Бейнеу ауданы – 64;
Жазылып шыққаны – 45;
Қайтыс болған – 1.