«Тау Шері» алабарысы Үстірт қорығында фототұзаққа түсіп қалды. Бұл туралы Қазақстанның биоәртүрлілікті сақтау қауымдастығы парақшасында жарияланды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
«2018 жылдан бастап «Тау Шері» алабарысы Үстірттегі фототұзаққа әр түрлі кезеңдерде түсіп жатыр. Үстірт оның тұрақты мекеніне айналған сияқты», - деп болжам жасап отыр мамандар.
Еске салайық, бұған дейін де алабарыс бірнеше рет камера объктивіне түскен болатын.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА