Барлығы да Бейнеу ауданының тұрғындары. Оның екеуі скрининг кезінде анықталды. Олар:
Бірінші науқас - 1984 жылы туған ер адам;
Екінші науқас - 1983 жылы туған әйел адам.
Ал қалған 6 науқас бұрын сонды вирусты жұқтырған адамдармен қарым-қатынаста болған. Сол себепті, олар бірден карантинге жатқызылып, олардан сынама алынды. Алынған сынама ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Олар:
Үшінші науқас - 1993 жылы туған ер адам;
Төртінші науқас - 2003 жылы туған жасөспірім (ұл бала);
Бесінші науқас - 1967 жылы туған әйел адам;
Алтыншы науқас - 1994 жылы туған әйел адам;
Жетінші науқас - 2019 жылы туған ұл бала;
Сегізінші науқас - 1990 жылы туған әйел адам.
Қазіргі таңда барлық науқас Бейнеу аудандық ауруханасына жатқызылды. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда, делінген МО ҚКО таратқан ақпаратта.
11.05.2020 ж. жағдай бойынша өңірде барлығы 128 адамнан COVID-19 вирусы анықталды:
Ақтауда – 28;
Жаңаөзенде – 23;
Маңғыстау ауданында – 7;
Мұнайлы ауданында – 4;
Қарақия ауданы – 29;
Бейнеу ауданы – 37;
Жазылып шыққаны – 16;
Қайтыс болған – 1.