Облыстық денсаулық сақтау басқармасы өкілдерінің хабарлауынша, кеше өңірде тағы екі адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
Екеуі де Ақтаудағы облыстық ауруханасының жұқпалы аурулар бөлімінде ем қабылдаған. 25 сәуір күні вирус анықталған 1990 жылғы және 1996 жылғы ер адамдар 10 мамыр күні ауруханадан шығарылды.
Енді екеуі де 14 күн бойы үй карантинінде дәрігерлердің бақылауында болады.
Бүгінде өңірде жалпы 16 адам COVID-19 инфекциясынан емделіп шықты.