Маңғыстау облысы әкімдігі жанындағы төтенше жағдай тәртібін қамтамасыз ету жөніндегі штаб шешімімен 4 мамырдан бастап Ақтау қаласындағы №1 Ақтау ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО іске қосылады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл туралы бүгін облыстық қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Маңғыстау облыстық филиалының директоры Ербол Байжігіт мәлімдеді.
Вирустың таралу қаупі мен маңғыстаулықтардың өмірі мен денсаулығына алаңдаушылықтың сақталуына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібін өзгерту туралы шешім қабылданды.
Өзгерістер ХҚКО-да көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлерін, оларды ұсыну форматын да қамтиды.
- Енді қазақстандықтар ХҚКО-да электронды форматта қолжетімсіз, тек «қағаз» жүзінде көрсетілетін қызметтер мен egov.kz арқылы рәсімделген өтініштердің нәтижесін ала алады.
- ХҚКО-ға бару үшін 1414 байланыс орталығы немесе немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы кезек уақытын алдына ала брондау қажет болады.
Бұл азаматтардың ХҚКО-да көптеп жиналуын болдырмайды және вирусты жұқтыру қаупін жояды, осы ретте қызмет алушылар да өз уақытын үнемдейді. Алдын ала брондаусыз еш қызмет көрсетілмейді.
Азаматтар электронды форматқа аударылған және egov.kz порталында қолжетімді барлық мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын тек өздігінен немесе бұрынғыдай ХҚКО ғимараттарында емес, әкімдіктер жанындағы кеңселерде, оқу орындарында, медициналық ұйымдарда және т.б. жерде орналастырылатын өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында ала алады.
Онлайн қызметтерді жылдам әрі ыңғайлы алу үшін азаматтар 1414 нөміріне хабарласа алады, онда ХҚКО операторлары кеңес беретін болады.
Айта кету керек, карантин жарияланғалы бері маңғыстаулықтар egov.kz электронды үкімет порталы, телеграмдағы eGovKzBot2.0 боты және eGovMobile мобильдік қосымшасы арқылы өз бетінше онлайн түрде мемлекеттік қызметті алған.
Дегенмен 3 санаттағы азаматтар, яғни зейнеткерлер, көп балалы отбасылар және мүгедектер электрондық қызметтерді ХҚКО-дан ала алады. Әр фронт-офисте олар үшін жеңілдік терезесі жұмыс істейді. Сондай-ақ олар да ХҚКО-ға баратын уақытын алдын ала брондауы керек.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Маңғыстау облыстық филиал директоры Ербол Байжігіттің айтуынша, төтенше режим тәртібімен жұмыс істеген уақытта аталған өзгерістердің керек екенін көрсетті.
Төтенше жағдай орын алғаннан бері телефон қоңырауы арқылы 154 мың маңғыстаулық кеңес алды. Бейнебақылау бойынша 240 мың маңғыстаулық виртуалды ассистенттің көмегіне жүгінді. 68 мың жерлестеріміз мобилдік базаға тіркелді. Жеті мыңнан астам дайын құжат тапсырылды. Онлайн түрде 198 автокөлік пен 252 жүргізуші куәлігі рәсімделді. 34 мың Маңғыстаулық ЭЦҚ кілтін қашықтықтан алды, - деп қорытындылады Ербол Байжігіт.
Ол сондай-ақ, аталған өзгерістер тек Ақтау қаласындағы №1ХҚО мен Мамандандырылған ХҚО жұмысын қамтитынын атап өтті. Ал аудан орталықтары мен ауылды жерлердегі ХҚО жұмысы еш өзгермейді.
Ақтау қаласындағы ХҚКО-лары төменде көрсетілген мекен-жайлар бойынша қайтадан жұмыс істей бастайды:
Ақтау-1 ХҚО - 15 шағын аудан, 67Б, ХҚО ғимараты;
Мамандандырылған ХҚКО – Өнеркәсіп аймағы, 9/57
Жұмыс уақыты: 09.00-17.00 үзіліссіз
Сенбі күні: 09.00-14.00 үзіліссіз
Жексенбі: демалыс
ХҚО-ға кезекті 1414 және https://egov.kz/services/SR.06/#/ арқылы беруге болады.