Облыс әкімі С.Трұмов қаладaғы бірқатар құрылыс нысанын аралады. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Алдымен қаланың іргесінде салынып жатқан автожолдың құрылысын көрді. Жалпы ұзындығы 27 шақырымды құрайтын жол учаскесі 4 жолақты болмақ. Сондай-ақ, аталмыш нысанда жаяу жүргіншілер өтпелі мен веложолдар салынып, жарықтандыру бағандары орнатылуда.
Осыдан кейін аймақ басшысы қала аумағында салынып жатқан "Aktau Resort Hotel" қонақ үйінің құрылыс жұмыстарымен танысып, "Sembol construction" құрылыс мекемесінің басшылық құрамымен кездесті. Екіжақты кездесуде жоба егжей-тегжейлі пысықтап, С.Трұмов қонақ үйдің сапасы мен уақытылы аяқтауына аса назар аудару керектігін атап өтті. Жұмысшылар арасында қауіпті індеттің таралып кетпеуі үшін сақтық шараларын қатаң ұстануды ескертті.