Бұл туралы Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінде Ақтау әуежай жолының бойындағы, яғни полиция бекетінен бастап, "Кездесу" жанар- жағармай құю станциясына дейінгі аралықтағы ағаштардың уақытылы суарылуын қамтамасыз ету үшін жұмыстар жүргізілуде. Жасыл-желектердің бойына диаметрі 16 см болатын пластикалық құбыр жүргізіліп, арнайы су құйылған контейнерлер орнатылған. Әрбір ағаштың түбіндегі құбырға тетік қойылады, ал құбыр аталған контейнерге жалғанады. Бұл әр талдың жеке-жеке суарылуына мүмкіндік береді. Жүйе ағаштардың күнделікті суарылып, ылғалданып тұруын қамтамасыз етеді.