Облыс әкімі Серікбай Трұмов коронавирусты инфекциямен күресуде алдыңғы шепте тұрған медицина қызметкерлерімен кездесті. Өңір басшысы дәрігерлердің жағдайын біліп, қойылған сұрақтарға жауап берді. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.
Облыстық әкімдік пен облыстық жедел штабтың қолдауымен 87 медициналық қызметкер Ақтау қаласындағы екі қонақ үйге тегін орналастырылды. Қонақ үйлер КВИ расталған науқастар ем қабылдап жатқан ауруханамен обсерваторларға жақын орналасқан. Онда дәрігерлерге қажетті барлық жағдай жасалған. Медициналық қызметкерлерді қонақ үйлерде орналастыру олардың туғандары мен жақындарын жұқтыру қаупінен қорғауға мүмкіндік беріп қана қоймай, сыртқы ортамен байланысты барынша азайтуға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар дәрігерлердің ауыр жұмыс күнінен кейін ыңғайлы жағдайларда дем алып, күштерін тез қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласы мен, Шетпе ауылының дәрігерлері де ауруханаға жақын, барлық жағдай жасалған қонақ үйлерге жайғастырылды. Олар да сыртқы ортамен байланыспай оқшауланған негізде жұмыс жасауда.
Бүгінде облыс бойынша 1400 жуық дәрігер бар. Оның 45 дәрігері КВИ емдеуде алдыңғы шепте жүр.