Маңғыстау облысында коронавирус жұқтырған тағы 1 адам анықталды. Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация орталығы хабарлады.
Ақтау қаласының 27 жастағы тұрғынынан COVID-19 анықталды. Жүктіліктің 36 аптасында жүрген әйелдің түнде дене қызуы көтеріліп, жедел-жәрдем шақыртқан. Науқасты бірден провизорлық бөлімшеге жеткізіп, сынама алады. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысы бойынша COVID-19 диагнозы нақтыланды. Науқастың жолдасы да ауруханаға оқшауланып, сынама алынды, делінген хабарламада.
Қазір науқаспен байланыста болған адамдар анықталып, тексеріліп жатыр. Науқас тұратын Ақтау қаласындағы 17 шағын аудан 82-ші үйдің подъезі карантинге жабылып, дезинфекция жұмыстары жүргізілді. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізілді. Эпидемияға қарсы іс-шаралар жалғасуда.
21.04.2020 ж. жағдай бойынша облыста осы күнге дейін 14-адамнан COVID-19 вирусы анықталды: Ақтауда -6, Жаңаөзенде – 4, Маңғыстау ауданында – 4, оның ішінде емделіп шыққаны - 2.