Бұл туралы Түпқараған ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Ауданы әкімі Айбек Қосуақов Форт-Шевченко қаласында орналасқан Мемлекеттік бағдарлама аясында салынып жатырған 8 пәтерлі, 16 пәтерлі және 48 пәтерлі тұрғын-үйлердің құрылыс барысымен танысып, халық игілігі үшін берілетін құрылысқа жауапкершілікпен қарау қажеттігін баса атап көрсетті. Құрылыс барысындағы кемшіліктерді шұғыл шешуге тапсырма беріп, пәтер ішіндегі түсқағаздарын ауыстыруды, тұрмыстық сұйық қалдықтар жинағыштың үстінде жиналған құмдарды тазалап, қауіпсіздік үшін қоршау орналастыруды тапсырды.
Сонымен қоса, Е.Өмірбаев атындағы орта мектептің құрылғанына 100 жыл толуына орай жүріп жатырған жөндеу жұмысы барысымен танысты. Мердігер мекемеге жөндеу жұмыстарын қыркүйек айындағы жаңа оқу жылына дейін толық аяқтауды тапсырды.