©
Шынында да электрмен жабдықтау жүйесіне қалай қосылуға болады? Қазіргі таңда бұл сұрақ аймақтағы көптеген адамдардың алаңдаушылығын арттыруда. Электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу бойынша сұрақтарға Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті мемлекеттік мекемесінің басшысы Ш. Есенғалиев жауап береді.
- Шаңытбай Мұсаұлы, электрмен жабдықтау жүйесіне қосылуға байланысты негізгі ережелерін түсіндіріп берсеңіз. Жаңарту қанша тұрады, мысалы техникалық шарт?
- Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №143 бұйрығымен бекітілген «Электр энергиясын пайдалану қағидаларының» (бұдан әрі – қағидалар) 13-тармағына сәйкес «Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан өтінім алғаннан кейін төмендегі мерзімде жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар береді:
Салынып жатқан объектілерді электрмен жабдықтау үшін тұтынушыға құрылыс кезінде уақытша техникалық шарттар беріледі.
Техникалық шарттар энергия беруші ұйымның электрлік желілеріне немесе энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларына қосылуға техникалық мүмкіндігі болған жағдайда беріледі.
Техникалық шарттарды беру және қайта ресімдеу үшін төлем алынбайды.
- Жобалау құжаттамасы қандай кезеңде келісіледі?
- Қағидалардың 17-тармағында тұтынушыны энергия беруші ұйымның электр желілеріне немесе энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларына жалғауға берілетін техникалық шарттардың мәтініндегі талаптар көрсетіледі.
Электр желілеріне қосылу үшін өтінім берген тұтынушыларға қағидалардың 17 тармағында көрсетілген талаптарға қосымша талап қою заңсыз екендігін атап өтеміз.
Тұтынушылардың электр қондырғыларының құрылысына, реконструкциясына немесе жаңғыртылуына арналған жобалау құжаттамасы құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғанға дейін техникалық шарттарды берген энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйыммен келісіледі.
Электр қондырғыларының жобалық шешімдері берілген техникалық шарттарға сәйкестігі мәніне төмендегі мерзімде келісіледі:
- Энергия беруші ұйым тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалануға қосу барысында төмендегі мерзімде кернеу жібереді:
Тұтынушыға электр энергиясын қосу және жіберу тек коммерциялық есепке алу жүйесі болған кезде ғана жүзеге асырылады.
Энергиямен жабдықтаушы ұйымның тұтынушымен энергиямен жабдықтау жеке шартын жасасудан бас тартуы үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 172 бабының 6тармағымен әкімшілік жауаптылық көзделген.
- Электр энергиямен жабдықтаушы ұйымдарға негізгі сұрақтар шағын және орта бизнестерінен келеді. Қандай жаңа енгізулер кәсіпкерлерді қуанта алады?
- Қазақстан Республикасында электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу бойынша қазақстандық бизнестің жағдайын жақсартатын маңызды реформалар жүзеге асырылған. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпанындағы №143 электр энергиясын пайдалану қағидаларына (бұдан әрі қағидалар) сәйкес электрмен жабдықтау желілеріне қосылу үшін техникалық шарттарды беру мерзімі қысқартылды. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу қажеттігі алынып тасталды.
Енді жобалаушыға сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жұмыстардың басталуы жөнінде электрондық нысанда хабарлама жіберуі жеткілікті. Сонымен қатар электр желілеріне қосылуға мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау органынан рұқсат алу қажеттігі алынып тасталды. Энергиямен жабдықтаушы ұйыммен электрмен жабдықтауға арналған шартты жасасудың апталық мерзімі үш күнге дейін қысқартылған.
- Сұхбатыңыз үшін рахмет.Ш.КЕНДІН