©
Соңғы жылдары аймағымызда тұрғын үйлердің, түрлі кәсіпкерлік нысандардың, өндіріс орындарының және әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқын алды. Мейлі үй болсын, мейлі ол елге қызмет ететін нысан болсын инфрақұрылыммен жабдықтау мәселесі туындайды. Осындай жағдайда электрмен жабдықтау жүйесіне қалай қосылуға болады? Тәртібі мен ережесі қандай? Бұл сауалдардың жауабын іздеп, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Маңғыстау облысы бойынша аумақтық департаменті мемлекеттік мекемесінің басшысы Шаңытбай Есенғалиевпен сұхбаттасқан едік.
- Шаңытбай Мұсаұлы, электрмен жабдықтау жүйесіне қосылуға байланысты негізгі ережелерді түсіндіріп берсеңіз?
– Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы №143 бұйрығымен бекітілген «Электр энергиясын пайдалану қағидаларының» (бұдан әрі – қағидалар) 13-тармағына сәйкес: «Энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйым тұтынушыдан өтінім алғаннан кейін төмендегі мерзімде жаңа енгізілген немесе жаңартылған электр қондырғыларын қосуға техникалық шарттар береді. Атап айтсақ, қуаты 200 кВт-ға дейінгі электр қондырғыларға 5 жұмыс күнінің ішінде, қуаты 200 кВт – 1000 кВт аралығындағы электр қондырғыларына 10 жұмыс күнінің ішінде, қуаты 1000 кВт жоғары электр қондырғыларына 15 жұмыс күнінің ішінде беріледі. Салынып жатқан нысандарды электрмен жабдықтау үшін тұтынушыға құрылыс кезінде уақытша техникалық шарт беріледі. Техникалық шарт энергия беруші ұйымның электрлік желілеріне немесе энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларына қосылуға техникалық мүмкіндігі болған жағдайда беріледі.Техникалық шартты беру және қайта ресімдеу үшін төлем алынбайды.
– Жобалау құжаттамасын жүргізудің тәртібі қандай?
– Аталған қағидалардың 17-тармағында көрсетілгендей, тұтынушыны энергия беруші ұйымның электр желілеріне немесе энергия өндіруші ұйымның электр қондырғыларына жалғауға берілетін техникалық шарттардың мәтініндегі талаптар көрсетіледі. Электр желілеріне қосылу үшін өтінім берген тұтынушыларға қағидалардың 17-тармағында көрсетілген талаптарға қосымша талап қою заңсыз екендігін атап өтемін. Тұты- нушылардың электр қондырғыларының құрылысына, жаңғыртылуына арналған жобалау құжаттамасы құрылыс-монтаждау жұмыстары басталғанға дейін техникалық шарттарды берген энергия беруші немесе энергия өндіруші ұйыммен келісіледі. Электр қондырғыларының жобалық шешімдері берілген техникалық шарттарға сәйкестігіне қарай мынадай мерзімде келісіледі: қуаты 200 кВт-ға дейінгі электр қондырғыларына 3 жұмыс күнінің ішінде, қуаты 200 кВт–1000 кВт аралығындағы электр қондырғыларына 7 жұмыс күнінің ішінде, қуаты 1000 кВт жоғары электр қондырғыларына 12 жұмыс күнінің ішінде.
– Тұтынушылар электр қуат көзіне қандай мерзімде қосыла алады?
- Энергия беруші ұйым тұтынушылардың электр қондырғыларын пайдалануға қосу барысында төмендегі мерзімде кернеу жібереді:
Тұтынушыға электр энергиясын қосу және жіберу тек коммерциялық есепке алу жүйесі болған кезде ғана жүзеге асырылады. Энергиямен жабдықтаушы ұйымның тұтынушымен энергиямен жабдықтау жеке шартын жасаудан бас тартуы үшін Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодексінің 172-бабының 6-тармағымен әкімшілік жауаптылық көзделген.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: Жаң жобаға арналған ашық дәріс– Елімізде дамытуға ден қойылып отырған шағын және орта кәсіп иелеріне қандай жеңілдіктер бар?
– Қазақстан Республикасында электрмен жабдықтау жүйесіне қосылу бойынша елімізде кәсіпкерлікті дамытуға жол ашатын реформалар жүзеге асырылды. Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 25 ақпанындағы №143 электр энергиясын пайдалану қағидаларына сәйкес, электрмен жабдықтау желілеріне қосылу үшін техникалық шарттарды беру мерзімі қысқартылды. Құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізуге рұқсат алу қажеттігі алынып тасталды.
Енді жобалаушыға сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жұмыстардың басталуы жөнінде электрондық нысанда хабарлама жіберуі жеткілікті. Сонымен қатар электр желілеріне қосылуға мемлекеттік энергетикалық қадағалау мен бақылау органынан рұқсат алу қажеттігі алынып тасталды. Энергиямен жабдықтаушы ұйыммен электрмен жабдықтауға арналған шартты жасасудың апталық мерзімі үш күнге дейін қысқартылған.
– Сұхбатыңызға рахмет!Ф. Қаршығатегі