ҚР Бас Прокурорының 2024 жылғы 17 қаңтардағы № 8/6 бұйрығымен Нұрлан Ахметбаев Маңғыстау облысы прокурорының орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Нұрлан Ахметбаевтың прокуратура органдарындағы жұмыс өтілі 22 жылды құрайды.
2002 жылдың маусымынан бастап келесі қызметтерді атқарды:
- Ақмола облысы прокуратурасы Жақсы ауданы прокурорының көмекшісі;
- Ақмола облысы прокуратура басқармасының прокуроры;
- ҚР Бас прокуратурасының мемлекеттік органдарының қызметін қадағалау департаменті бөлімінің прокуроры;
- Астана қаласы Сарыарқа ауданы прокурорының орынбасары;
- Астана қаласының Авиациялық көлік прокуроры;
- Атырау облысы бойынша Құқықтық статистика және арнайы есепке алу Комитеті басқармасының бастығы.
2021 жылдың қазан айынан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті әскери департаментінің бастығы қызметін атқарды.