«Каспий жылу, су арнасы» МКК жаңа басшысы болып Айсұлтан Сардарбеков тағайындалды, ол бұрын «МАЭК» ЖШС Дистиллят және өнеркәсіптік жылумен жабдықтау зауытының директоры болып қызмет еткен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сардарбеков Айсұлтан Төселбайұлы 1972 жылы 7 тамызда дүниеге келген.
1996-2000 жылдары Ш. Есенов атындағы Ақтау университетінде жоғары білім алған, мамандығы машина жасау технологиясы, біліктілігі-инженер-механик.
Еңбек жолын 1990 жылдың қаңтарында Ақтау қаласындағы «ПУС» ЖШС-ында 3-разрядты электргаз дәнекерлеуші болып бастаған.
Әскерге кеткенге дейін арматуралық торлар мен рамаларды дәнекерлеушінің шәкірті, 2-разрядты дәнекерлеуші, бульдозер машинисінің шәкірті болып жұмыс істеді.
1993 жылдың қаңтарынан 1998 жылдың қаңтарына дейін Маңғышлақ энергокомбинатының АБР 4-разрядты, содан кейін 5-разрядты АБР слесарі қызметін атқарды.
1998 жылдың қаңтарынан 2003 жылдың сәуіріне дейін Маңғышлақ энергокомбинатының ауысым шебері, 7-разрядты АВР слесарі, Дистиллят және өнеркәсіптік жылумен жабдықтау зауыты учаскесінің шебері болып жұмыс істеді.
2003 жылдың сәуірінен 2016 жылдың қаңтарына дейін «Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты – Қазатомөнеркәсіп» ЖШС – ауысым бастығы (Пдптвс) болып еңбек етті.
2016 жылғы қаңтар-2023 жылғы сәуір аралығында «МАЭК – Қазатомөнеркәсіп» ЖШС цехы бастығының пайдалану жөніндегі орынбасары, директордың техникалық даму жөніндегі орынбасары, Дистиллят және өнеркәсіптік жылумен жабдықтау зауыты цехының бастығы қызметтерін атқарды.
Соңғы жұмыс орны – «МАЭК» ЖШС Дистиллят және өнеркәсіптік жылумен жабдықтау зауытының директоры.