©
Бүгін облыс әкімі Е.Тоғжанов жүргізген дүйсенбілік аппарат мәжілісінің күн тәртібінде төрт мәселе бойынша тиісті сала басшылары мен жауапты тұлғалар есеп берді.
Алдымен аймақ басшысы жаңа кадрлық тағайындаулар туралы жаңалықтарды жеткізіп, жиналғандарға жаңа басшыларды таныстырды. Сонымен, осы күнге дейін облыстық мәслихаттың хатшысы қызметін атқарып келген Бекмұрат Жүсіпов Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалса, Айдос Хамиев бұдан былай өңірлік құрылыс басқармасын басқаратын болды, ал Нұргүл Жанназарова - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысы, Әдеп жөніндегі кеңестің төрағасы қызметін атқарады. Сондай-ақ облыс әкімінің жаңа штаттан тыс кеңесшісі ретінде Е. Мұратұлы таныстырылды
Бекмұрат Қыдырбайұлы Жүсіпов 1965 жылы Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Таушық кентінде дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары. 1989 жылы Қазақ химия-технологиялық институтын бітірген. Мамандығы автоматизация бойынша инженер.2010жылы Оксфорд қаласындағыEmbassyCESOxford-ты бітірген. 2015 жылы «Алматы менеджмент Университетін» іскерлік басқару магистрі мамагдығы бойынша тамамдады. Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген. «Нұр Отан» ХДП мүшесі.
Еңбек қызметін 1989 жылы Ақтау қаласындағы Пластикалық масса зауытының учаскесінде бақылау-өлшеу жабдықтарының шебері болып бастады;
1994-1995 ж.ж. – Шетпе Мұнайбазасында оператор болып жұмыс істеген.
1995-1996 ж.ж. – «Көгез» шағын кәсіпорында технолог қызметін атқарған.
1997-2005 ж.ж. – жеке кәсіпкер болды.
2005-2010 ж.ж.– «Мантеком» ЖШС-нің директоры лауазымында қызмет етті.
2011-2016 ж.ж. 4-нші және 5-інші сайланған Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды.
2016 жылдан осы уақытқа дейін – Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы болды.
Мұрат ЖЕТЕКБАЙ
Суретті түсірген Серік МАЙЕМЕРОВ