Ұстаздар күні құрметіне және қарттар күні аясында Ақтаудағы «Ақсұңқар» мейрамханасында «Үлкендер жолы—ұлылық, ұрпағы жүрер ұғынып» тақырыбында мерекелік шара өтті. Бүкіл еңбек жолын мектеп қабырғасында, жас ұрпаққа білім мен тәрбие берумен өткізіп келе жатқан ардагер ұстаздарды облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Мамаева кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
Ақ дастархан басына житналған алпысқа жуық ардагер ұстаздардың барлығы басқарманың Алғыс хатымен марапатталды. Ал зейнет демалысына шыққанымен, әліге дейін мектепте ұрпақ тәрбиесімен айналысып жүрген 11 мұғалімге 2018 жылдың жаз маусымында Бурабайдағы шипажайда демаулы үшін жолдама берілді.
Тағы оқыңыздар: Ақтауда көпфункционалды спорт алаңы ашылды (ФОТО, ВИДЕО)Шаштарын ақ қырау шалған ұлағатты ұстаздарды өңіріміздің танымал әншілері құттықтап, өз өнерлерін тарту етті. Сондай-ақ «Оқушы» орталығының домбырашылары, №3 орта мектептің әжелер ансамблі және басқа өнерпаз оқушылар да өнерлерімен шашу шашты.
Көпті көрген, өмірдің әралуан сынағынан сүрінбей өткен ардагер мұғалімдер өздеріне құрмет көрсеткен жас буын әріптестеріне алғыс айтты.
Валентина ҚОЗЫБАҚОВА