Маңғыстаулық спортшылар дзюдодан жасөспірімдер арасында Еуропа Кубогының жүлдегері атанды, деп хабарлайды Mangystaumedia.kz облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына сілтеме жасап.
Грузияның Гори қаласында дзюдодан Еуропа кубогы аяқталды. Жасөспірімдер арасындағы Еуропа Кубогына барлығы 16 елден 300-ден астам спортшы қатысты.
Қазақстан жасөспірімдер құрама командасында өнер көрсеткен маңғыстаулық екі спортшы жүлделі орынға ие болды. Атап айтқанда
Гүлдана Теңелбаева +70 салмақта дәрежесінде бақ сынап күміс жүлдегер атанды. Гүлдана 1 және 2 кездесуінде грузиндік спортшыларды жеңіп, ал 3 кездесуінде қазақстандық спортшыны жеңіп, финалға шықты. Ақтық кездесуінде қырғыз спортшысына есе жіберді.
Сондай-ақ, 60 келіде белдескен Қанат Нұргелді Европа кубогының қола жүлдесіне қол жеткізді. Қанаттың жеке бапкері Нұрлыбай Серғазиевтің айтуынша, спортшы 1 кездесуде армениялық спортшыны жеңіп, eкінші белдесуде Грузия елінің спортшысына есе есе жіберді. Одан жұбаныш белдесуінде Израиль және грузиялық спортшыларды жеңді. Ал, 3-орын үшін күресте Греция елінің спортшысын ұтып, қола жүлдегер атанды.