29 ақпан мен 1 наурыз күндері Токиода каратэден гран-при әлем кубогы өтті. Додада маңғыстаулық каратэшілер 2 алтын, 3 күміс және 3 қола жүлдені қанжығаға байлады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Маңғыстау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Турнирге 15 елден келген 750-ге жуық спортшы қатысты. Ал Маңғыстау құрама командасынан 12 жас бақ сынады.
Нәтижесінде Бейбарыс Жолдыбай мен Нұрсұлтан Смағұл жүлделі 1-орынды иеленді.
Ал Бекзат Орынбасаров, Қыдыржан Аманкан, Бекарыс Болатов күмістен алқа тақты. Қола жүлде Саят Бақытұлы, Бекғали Мырзағали және Хамза Сағындыққа бұйырды.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА