Маңғыстаулық 4 дзюдошы Рабатта (Марокко) өтетін әлемдік Гран При турниріне қатысады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Ерлер арасында Бауыржан Нарбаев (60 келі), Руслан Мұсаев (81 келі) сынға түседі. Ал әйелдер арасында Анна Казюлина (52 келі) мен Әйгерім Әбілқадырова (48 келі) да бар.
Жарыс 6-8 наурыз күндері өтеді. Додаға 95 елден 583 татами шебері қатысады деп жоспарланып отыр. Аталған бәсекеде Қазақстан намысын 15 дзюдошы қорғайды.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суреттер Маңғыстау облысы дзюдо федерациясынан алынды