«Каспий» футбол командасының бас бапкері болып серб жаттықтырушысы Срджан Благоевич тағайындалды, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты «Каспий» ФК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 ақпан күні серб жаттықтырушысы Срджан Благоевич пен «Каспий» футбол құрамасы келісім шартқа отырды. Енді келесі маусымнан бастап С.Благоевич ақтаулықтардың штаб-пәтерінде бас бапкер қызметін атқарады.
«Бапкер сербтік «Сремчица», «Ковачевац», «Срем», «Жарково», «БМИ», «Бежания», «Явор» клубтарында жұмыс істеген. Оның соңғы жұмыс орны Сербия Супер лигасының мүшесі «Индия» ФК болған», - деді «Каспий» ФК баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Срджан Благоевич – 46 жаста, сондай-ақ УЕФА-ның PRO санатында жаттықтырушы лицензиясы бар.
Жұлдызай ҚАЛИЕВА
Суретті ұсынған «Каспий» ФК баспасөз қызметі