1-2 ақпан күндері Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылының БЖСМ-нің залында Грэплинг және Грэплинггиден балалар мен жасөспірімдер арасында Маңғыстау облысының чемпионаты өтеді, - деп хабарлайды mangystaumedia.кz сайты.
Екі күнге созылатын жарысқа облыстан 20 команда қатысып, 300-ге жуық спортшы бақ сынайды. Жарыста үздік атанған қатысушы республикада өтетін жарысқа жолдама алады.
Жеңіске жеткен спортшылар арнайы медаль, дипломмен марапатталады.
Жарыс сағат 09:00-де басталады. Кіру тегін.
Айбек МҰХАНОВ
Мұнайлы ауданы